Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің
қас шебері.
Би
– аға, «Осы жылымнан аулақ бол,
бұған бір түсіп
кетсең,
Ғ.Мүсірепов.
Өнерге құмар , өлеңге әуес
бала Бейімбет.
Бейімбет
/Бимағанбет/ Жармағамбетұлы Майлин 1894
жылы бұрынғы кәзіргі
Қостанай облысы Таран ауданы
Майлин кеңшарында туған. Әкесі
Жармағамбет кісі есігінде
жалшылық еткен . Басқа ағайын туғандары да кедейшілік күн кешкен.
Атасы Майлының да дәулеті
шалқымаған адам екен. Бейімбет бір
жасқа толмай әкесі
қайтыс болып, жетімдік зардабын
аз тартпаған. Бай қолында қозы, қой бағады, делбеші болып та істейді. Ол он екі
жасқа шыққанда, 1906 жылы анасы Құлғизар
дүние салады да, әжесі
Бойдастың қолында қалады. Ендігі тірегі әжесі Бойдас та күңдік өмірден көзін ашпай келеді. Бейнет пен
жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі
әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның: