вторник, 15 июля 2014 г.


                                                       
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің хас шебері



      Кеңес       дәуіріндегі     қазақ
    әдебиетінің   негізін  салушы
«алыптар тобының» көрнекті
өкілінің бірі.
Ғ. Мүсірепов





Бейімбет Майлин – көрнекті ақын, прозаик, драматург. Оның поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алады.
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданында туған. Ол 1910 -1912 жылдары медреседе оқиды. 1913- 1914 жылдарда Троицк, Уфа қалаларында оқуын жалғастырады. 1914 жылы алғашқы туындысы «Шұғаның белгісі» повесін жариялайды. 1934- 1937 жылдарда «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы.
Бейімбет Майлин 1938 жылы репрессияда жазықсыз атылады.Ол поэзия, проза, драматургия саласында бірдей жемісті еңбек етті, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырады.
Бейімбет Майлин дүниетанытқыштық мәні бар өлеңдер жазды. Оның өлендеріндегі Мырқымбайдың типтік бейнесі- қазақ әдебиетіндегі еңбек адамы бейнесін жасаудың үлгісі.


           
Қазақтың  көркемсөз  шебері

Б. Майлиннің атақты «Шұғаның белгісі» және «Раушан- коммунист» атты повестері қазақ әдебиетінің табысы. ХХ ғасырдағың 20- 30 жылдарындағы Қазақстанда ауыл өмірінде болған өзгерістерді өзінің өлендерінде жан- жақты суреттейді. Ақын өзінің идеясын жалпы айтпай, нақты бір кейіпкердің тағдырын суреттеу арқылы ұсынады.Ауылдағы өзгерістерді көрсетуге Б. Майлин әзіл- қалжың мен сатираны шебер қолданады.«Азамат Азаматыч» романы бірінші кітабы. Бұл шығарма «Әдебиет майданы» журналының 1930- 1931жж сандарында жарияланды да, 1934 жылы жеке кітап болып жарық көрді. Орыс тілінде «Дочь казаха» деген атпен 1936 жылы басылып шықты.
Қазақ драматургиясын дамытуда да Майлиннің қосқан өзіндік үлкен үлесі бар. Ол ірілі- уақты 25 пьеса, либретто, сценарийдің авторы. Оның  тұңғыш драмалық шығармасы- «Шаншар молда» (алғашқы нұсқасы- «Жат сабақ») пьесасы 1916 жылы жазылып, ауыл сахнасында қойылды.
1936 жылы Майлин жазған (В. Иванов, Ғ. Мүсіреповпен бірге) «Амангельды» сценарийі бойынша кинофильм түсірілді. «Жалбыр» либреттосы бойынша опера (музыкасы Е. Г. Брусиловскийдікі) қойылды (1935) жылы.
Жазушының туған жеріндегі совхоз, кейбір мектеп, облыстық драма театры, бірқатар қаладағы көше  Майлиннің есімімен аталады.

                                                 Заманның  шеңбері  мен  шеңгелінде

Бейімбет өзі жырлаған заманның құрбаны, отыз жетінің ойранына ұшыраған асыл тұлғаның бірі. Оның шығармалары отызыншы жылдары орынсыз шырғалаңға түсті. Бейімбеттің шығармашылық ғұмыры- халқының тарихымен тығыз байланысты.
      Бейімбеттің тағдыры – халықтың тағдыры. Ол замананың шеңбері мен шеңгелінен шыға алмай мерт болды. Халық сүйген қаламгер есімі жиырма жылдай қатал саясаттың құрсауында тұрды. Сонда да қалың ел қалаулы ұлының ардақты атын қапаста қалдырмай, қиянаттан аршып алды.
Қазақ қаламгерлері үшін кезінде «әрі Пушкин, әрі Гоголь» атанған Бейімбет Майлиннің шығармашылық  мұрасы туған елі үшін қасқалдақтың қанындай қымбат қазына, үкілеп ұстайтын киелі дүние. Бейімбеттану Ғабит Мүсіреповтың «...Мен оның жазушы тумалары үшін баға жетпесқымбат бір қасиетін айрықша айтқым келеді. Ол оның қарапайымдылығы, қолының кіршіксіздігі, жүрек лүпілінің қалтқысыз, қаяусыз пәктігі, талантымен тең тізе қосқан еңбекқорлығы», деген сөздерден басталуы тиіс.
     Халқы қалтқысыз сүйген дархан дарынның жүрегін жарып шыққан таңғажайып туындыларымен тамсанған қалың ел Бейімбеттің басқаға ұқсамайтын айрықша азаматтық, кісілік тұлғасына да тереңірек үңіле бастайды деп сенеміз.
      ... «Ұлыдан – өсиет, жақсыдан – қасиет»



Комментариев нет:

Отправить комментарий

Поделиться